Halyq Uni логотип
×

Павлодарда ер адам 75 жастағы енесін зорлаған

Қылмыскер қайын енесінің дәрменсіз күйін пайдаланып, екі рет зорлаған

 Халық үні 16.06.2023 | 21:45
Павлодарда ер адам 75 жастағы енесін зорлаған
Фото: Petrov Sergey/globallookpress.com

Павлодар қалалық № 2 сотында қайын енесін зорлаған 54 жастағы ер адамға қатысты үкім шықты. Қылмыстық іс жабық режимде қаралды. 

Полицияға жәбірленушінің қызы арыз түсірген. Тергеу барысында жүргізілген сараптама ер адамның кінәсін дәлелдеді.

Қылмыскер қайын енесінің дәрменсіз күйін пайдаланып, екі рет зорлаған. Сараптама нәтижелеріне қарамастан, айыпталушы өз кінәсін мойындамады, делінген Павлодар қалалық № 2 сотының үкімінде.

Ер адам ҚР ҚК-нің 55-бабын қолдана отырып, ҚК-нің 120-бабы 2-бөлігінің 4-тармағы бойынша сотталып, 8 жылға бас бостандығынан айырылды. Одан бөлек ол жәбірленушіге моральдық залалдың өтемі ретінде 5 миллион теңге төлеуге міндеттелді.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама