Halyq Uni логотип
×

Экс-министр жазасын өтеп жатқан колониясын ауыстыруды сұрады

Сот Талғат Ермегияевтің шағымдарын қанағаттандырмаған

 Қымбат Елтайқызы 25.04.2022 | 09:05
Экс-министр жазасын өтеп жатқан колониясын ауыстыруды сұрады
Талғат Ермегияев, фото: time.kz

«Астана ЭКСПО-2017» ұлттық компаниясының бұрынғы басшысы Талғат Ермегияев соттан колониясын ауыстыруды сұрады. Бұл туралы Алматы облыстық сотының Tengrinews.kz тілшісіне берген ресми сауалында айтылған.

Қазір Ермегияев Қапшағай іргесіндегі Заречный кентіндегі қатаң режимдегі колонияда жазасын өтеп жатыр. Ол 14 жылдық жазасының жартысына жуығын қатаң режимдегі мекемелерде өтеген. Алайда екі жыл бұрын «Астана ЭКСПО-2017» көрмесінің экс-төрағасы жеңілірек режимдегі колонияға ауыстыруды сұрағаны белгілі болды.

«2018 жылы шілдеде заңнамамыз өзгерді. Осыған байланысты 2020 жылы Ермегияев оған қатысты Қылмыстық кодекстің 6-бабын қолдану туралы, яғни «сотталған адамның жағдайын жақсартатын, жазаны өтеуді жеңілдету туралы» өтінішхат берді. Ол жазасын өтеу үшін ең төменгі қауіпсіздік мекемесіне жіберуді сұрады», - делінген жауапта.

2020 жылы Қапшағай қалалық соты экс-министрдің бұл талабын қанағаттандырудан бас тартқан. 2021 жылы сотталушының адвокаттарынан осы сот шешіміне шағымдар келіп түскен. Кейінірек сол жылдың ақпанында Алматы облыстық соты ол шағымды да қанағаттандырмаған.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама