Halyq Uni логотип
×

Жамбы атудың төрт жылдық даму жоспары бекітілді

Жамбы атудан 2023-2027 жылға арналған даму жоспары таныстырылды

 Халық үні 16.06.2023 | 21:27
Жамбы атудың төрт жылдық даму жоспары бекітілді
фото: Halyq Uni

Бүгін Көкшетауда республикалық «Жамбы ату» федерациясының кезектен тыс конференциясы өтті.

Аталмыш конференцияда жамбы ату спортындағы түрлі мәселелер қаралды. 

Конференцияға ҚР Ұлттық спорт Қауымдастығының вице-президенті Тастанбек Есентаев, республикалық «Жамбы ату» федерациясының президенті Еркебұлан Ілиясов,  «Ұлттық және ат спорты түрлері орталығы» РМҚК директоры Бағдәулет Сәбитов, сондай-ақ, жамбы атудан мемлекеттік жаттықтырушылар мен төрешілер және аталмыш спорт мамандары қатысты.

Жиында республикалық «Жамбы ату» федерациясының президенті Еркебұлан Ілиясов жамбы ату спортындағы бірқатар мәселерді айтып, атқарған жұмыстары жайында баяндады. 
Сондай-ақ, Еркебұлан Сайдуллаұлы жамбы атудан 2023-2027 жылға арналған даму жоспарын таныстырды.

Шараға қатысушылар жамбы атудың төрт жылдық даму жоспарын бірауыздан мақұлдап, бекітті.
Айта кетейік, бүгін Көкшетау қаласында Жамбы атудан ересектер арасындағы Қазақстан Республикасының чемпионаты өз мәресіне жеткен болатын.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама