Жамбыл облысынан келген Бабажан Бағдәулет қарсылас шыдатпай чемпион атанды
Кеше Көкшетау қаласында Жамбы ату мен Теңге ілуден жасөспірімдер, жастар, ересектер арасындағы Қазақстан Республикасының чемпионаты басталған болатын.
Бүгін Жамбы атудан ересектер арасында ақтық ойындар өз мәресіне жетті.
«Түрік стилі» бойынша 1-ші орынды Түркістан облысынан келген Айкөз Ералхан алса, 2-ші орынды жамбылдық Тұлыбеков Абзал иемденді. Ал, үздік үштікті Қызылорда облысынан келген Өміртай Ғалымжан қортындылады.
«Корей стилі» бойынша сынға түскендер жарыстың көркін қыздырды. Жамбыл облысынан келген Бабажан Бағдәулет қарсылас шыдатпай чемпион атанды. Түркістандық Айкөз Ералхан бұл сында да мықтылығын дәлелдеп, екінші орынды иемденді. Ал, Алматы облысынан келген Әбдірахманов Бақыт үшінші орынды місе тұтты.