Бұл туралы Алматы қалалық полиция департаменті мәлім етті
Төреғали Төреәліге қатысты қылмыстық іс қозғалды.
«А. есімді азамат, Алматы қаласы ПД-нің әкімшілік қамауға алынғандарға арналған ұстау изоляторында отыр. Сонымен қатар, А. есімді азаматқа қатысты ҚР ҚК-нің 378-бабында көзделген қылмыстық құқық бұзушылық белгілері бойынша да қылмыстық іс тіркелді»,- деп атап өтті полициядан.
Аталған қылмыстық іс бойынша өндірісті Алматы қаласы полиция департаментінің анықтау басқармасы жүргізіп жатыр.