Қала қазынасын толықтыруда барлық резерв тартылмаған
Тексеру комиссиясы Алматы бюджетін жылына 50 млрд теңгеге қосымша толықтыру тәсілін атады, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.
Алматы қаласы бойынша Тексеру комиссиясының төрағасы Алтай Бердіқұловтың айтуынша, соңғы 5 жылда Алматы қаласының бюджеті едәуір өскеніне қарамастан, оны толықтыруда барлық резерв тартылған жоқ.
Бюджетті қосымша толықтыру әдістерінің ішінде қаланың сауда базарларын көлеңкелі сектордан шығару, жер салығының мөлшерлемесін қайта қарау, заңсыз жарнама орналастырудың жолын кесу, әкімшілік айыппұлдарды өндіріп алуды көбейту аталды.
Аталған бұл шараларға жүргізілген талдауға сәйкес, жергілікті бюджетке түсетін түсімдердің қосымша резервтерін жыл сайын 50 млрд теңгеге дейін қарастыруға мүмкіндік береді, - деді Алтай Бердіқұлов.