Halyq Uni логотип
×

80 жұмыстың үздігі: Даудан кейін Ұлытау облысының жаңа өңірлік нышаны анықталды

Ұлытау облысы әкімдігі мамыр айында жаңа нышанға конкурс жариялаған

 Айнұр Шошаева 16.06.2023 | 15:31
80 жұмыстың үздігі: Даудан кейін Ұлытау облысының жаңа өңірлік нышаны анықталды
Коллаж: Halyq Uni

Облыстың өңірлік нышанын анықтау жөніндегі комиссия өңірдің жаңа төлnаңбасын анықтады, деп хабарлайды Halyq Uni. 

«Ұлытау облысының өңірлік нышанын анықтау жөніндегі комиссия шешімімен облыстың төлтаңбасы таңдалды. Мамыр айында жарияланған конкурсқа 24 қатысушыдан 80-нен астам жұмыс түскен болатын. Комиссия алматылық авторлар Бақытжан Бұқарбай мен Дулат Үсенбаев ұсынған жобаны үздік деп таныды. Төлтаңбамызда «Ұлытау облысы» сөздерімен қатар, қазақ даласының киелі жануары – танымымызға жақын құлан бейнеленген», – делінген әкімдіктің ақпаратында. 

Еске сала кетейік, 2022 жылы 24 қыркүйекте Ұлытау облысы әкімдігі өңір елтаңбасының ең үздік жобасына байқау жариялаған болатын. Байқауға 130-дай жұмыс келіп түскен. Елтаңбаның эталонын арнайы комиссия бекітіп, автор ретінде Шахибаден Сейіткеновтың еңбегі жеңімпаз болып танылды. Алайда эскиз авторы ретінде көрсетілген Шахибаден Сейіткеновтің жоба барысынан хабары болмай шықты. Әлеуметтік желілерде қазақстандықтан жаңа нышанға наразылық танытқан соң, облыс әкімдігі ол нұсқаны жарамсыз деп таныды. 

Сонымен қатар, Қазақстанның Геральдикалық зерттеулер орталығының директоры Асылбек Баяжұма әр облысқа жеке нышан қажет емес деген пікір білдірген еді. Бүгінгі күні еліміздегі облыстар мен республикалық маңызы бар қалалардың жеке өңірлік нышаны бар. Оны кейбір өңірлер төлтаңба деп атап жүр. Геральдикалық орталық басшысының бұған қарсы және оның себебін түсіндірді.

Біз мониторинг жүргізумен айланысамыз. Оны төлтаңба деп атауға болмайды. Қазақстанда тек елтаңба бар мен ту бар. Ал облыс әкімдіктерінің төлтаңба деп жүргені тек өңірлік нышандар ғана. Онсыз да ру мен жүзге бөлініп жатқан мемлекетке енді әр облыстың өңірлік нышандарын жасау жетіспей тұр еді. ...Оны жаппай енгізу болашақта Қазақстанды бөлуге әкелуі мүмкін. Елді біріктірудің орнына іріткі салуы мүмкін. Ең алдымен мемлекеттік рәміздерімізді насихаттап алсақ, жеткілікті, – деді ол.   

Геральдикалық орталық өңірлік нышандардың күшін жою туралы тиісті ведомстоларға хат жолдағанын атап өтті.

Әр өңірлік нышанның авторы әр жерде «Жандарбек Мәлібеков» болып шапан киіп, төрде жүрмекші. Олай болмайды. Бізде бір ғана елтаңба бар және оның авторлары Жандарбек Мәлібеков пен Шота Уәлиханов. Шота ағамыз дүниеден өтіп кетті. Қазір көзі тірісі Жандарбек ақсақалымыз, онымен ешкім де теңесуге тиіс емес. Өйткені ол істеген дүниені басқалары істей алмайды. Өз басым мұны төлтаңба деп атауға да, әр өңірдің басыбайлы нышаны болғанға да қарсымын. Геральдикалық орталық өңірлік нышандардың күшін жою туралы министрлікке хат жолдадық, – дейді директор.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама