Halyq Uni логотип
×

Мемлекетке «Форбс» тізіміндегі белгілі кәсіпкердің 3 500 гектар жері қайтырылды

Бұл жерлер жылдар бойы игерілмей, бос жатқан

 Дастан Жұмабекұлы 16.06.2023 | 12:37
Мемлекетке «Форбс» тізіміндегі белгілі кәсіпкердің 3 500 гектар жері қайтырылды
фото: ашық дереккөз

Алматы облысының Еңбекшіқазақ ауданындағы 3500 гектар жайылымдық жер мемлекетке қайтарылды.

Бұл жер 2017 жылы «Форбс» тізіміндегі белгілі кәсіпкерге шалғайдағы (маусымдық) мал шаруашылығына арналған жерлер құрамынан шығарылып, заңсыз жолымен берілген еді.

Алматы облысы прокуратурасының хабарлауынша, қазіргі уақытта осы жерді жергілікті тұрғындарға жайылымдар үшін берілетін болып шешілді. Осы мақсатта жұмыс істелініп жатыр.

Сонымен қатар, жыл басынан бері жоғары лауазым иелері мен ірі бизнесмендерге тиесілі 26,8 мың га жер, кадастрлық құны 714 млн теңге мемлекет пайдасына қайтарылды.

Бұл жерлер жылдар бойы игерілмей, бос жатқан. Жемшөп дақылдары өсірілмеген. Шаруашылықтардың балансында малдар да болмаған. Соның кесіріненфермерлер егістік және жайылымдық жерлерге өте мұқтаж болған.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама