Автокөлікті жас жігіт тізгіндеген
Алматы облысындағы жол апаты кезінде әйел екі баласымен бірге қаза тапты. Бір бала 6-да, екіншісі 1,5 жаста ғана болған.
Апат 23 сәуірде түнде Талдықорғаннан 15 шақырым жердегі Ескелді ауданының Қарабұлақ ауылында болған. 19 жастағы жүргізуші 36 жастағы әйелді екі баласымен бірге қағып кеткен. Үш жаяу жүргінші оқиға орнында тіл тартпай кетті, – дейді облыстық полиция департаменті.
Сараптамалар тағайындалып, «жол-көлік оқиғасы» дерегі бойынша қылмыстық тергеу басталды. Жүргізуші ұсталып, қамауға алынды. Автокөлік тәркіленіп, арнайы тұраққа қойылды.