Тарихи фильм 2022 жылы көрерменге жол тартты
Айсұлтан Сейітов Шанхай халықаралық кинофестивалінде «Үздік режиссер» жүлдесін жеңіп алды, деп хабарлайды Halyq Uni.
Айсұлтан Сейітовтің «Қаш» дебюттік фильмі маусымның 9-ы мен 18-і аралығында өтіп жатқан Шанхай халықаралық кинофестивалінің конкурстық бағдарламасына енген болатын.
Фестиваль көрермендеріне фильмді режиссер Айсұлтан Сейітов, «Qara Studios» бас продюсері Еркебұлан Күрішбаев және сценарист Абылай Нұрманбетов жеке ұсынады, – деп жазады басылым.
Шанхай кинофестивалі – кең халықаралық бағдарламасы бар Қытайдағы ең ірі кинофестиваль. Бұл Халықаралық кинопродюсерлер федерациясы (FIAPF) аккредитациясынан өткен Қытайдағы жалғыз фестиваль.
Бұған дейін «Қаш» фильмі қазақстандық киносыншылар қауымдастығының бағалауы бойынша төрт номинация бойынша жеңіске жеткен еді.
«Қаш» фильмінің түсірілімі 2020 жылы басталса, 2022 жылы жұмыс Қазақстанда кең прокатқа шықты. Туынды екі ағайындының жеке тағдыры арқылы 1931-1933 жылдардағы қазақ даласындағы жаппай ашаршылық трагедиясын баяндайды.