Halyq Uni логотип
×

«Төреғали Төреәлі есірткіге мас болмаған»: адвокат мәлімдеме жасады

Кішкенебаеваның айтуынша, Төреғали Төреәлі жол ережесін бұзып, полицейлерге бағынбағанын ғана мойындайды.

 Халық үні 15.06.2023 | 21:51
«Төреғали Төреәлі есірткіге мас болмаған»: адвокат мәлімдеме жасады
Фото: әншінің әлеуметтік желідегі парақшасынан

Белгілі әнші Төреғали Төрәлінің адвокаты Эльнура Кішкенебаева оның ұсталған сәтте мас болмағанын мәлімдеді.

Заңгердің айтуынша, оның қорғауындағы әртіс ұшаққа асыққан. Сондыққан бағдаршамның қызыл түсіне өтіп, жылдамдықты үдеткен. Полицейлер бірінші рет тоқтатқан, сосын жіберген, бірақ біраз уақыт өткен соң қайтадан соңынан қуған.

«Полицейлер бірінші рет тоқтатқанда Төреғали Қызылордаға асығып бара жатқанын айтқан. Ата-анасы мен балалары сонда. Мүмкіндігі шектеулі қызы операцияға кіруі керек болатын. Полиция қызметкерлері түсініп әйелімен бірге оны босатқан. Алайда кейін қайта тоқтатпақ болған», - дейді ол.

Адвокат әншіге тағылған айыппен келіспейтінін айтады. Кішкенебаеваның айтуынша, Төреғали Төреәлі жол ережесін бұзып, полицейлерге бағынбағанын ғана мойындайды.

«Біз көлікті есірткіге мас күйінде жүргізді деген айыппен келіспейміз. Өйткені сот наркологиялық орталықта алынған тестті ғана есепке алды. Біз қан тапсырып, нәтижесі 3 күннен кейін дайын болатын сараптамадан өттік. Соның нәтижесімен қалалық сотқа шағымданып, 20 күнге қамау және 7 жылға көлік жүргізу құқығынан айыру жазасын алып тастауды талап етеміз», - дейді Эльнура Кішкенебаева.

Заңгер сонымен қатар полцейлердің әс-әрекетіне шағымданды. Айтуынша, ұстау кезінде әртістің денсаулығына зақым келген. Полицейлер оны ауруханаға жібергісі келмеген.

«Ауруханада менің қорғауымдағы азаматқа жатуға кеңес берілді. Алайда сот оны ескермей, осындай шешім шығарды. Біз шағымданатын боламыз», - деді адвокат.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама