«Біз де адамбыз». Жамаубаев жазда демалғысы келетінін айтты

Дәурен Ерболат

Вице-премьер туған жерінде де біраз уақыт болмаған

Фото: Halyq Uni

Премьер-министрдің орынбасары – қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев басшылық келісім берсе, жазда демалғысы келетінін айтты, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Әрине, егер жіберсе біз де демалғымыз келеді. Біз де адамбыз ғой. Отбасымыздың жанында болып, өз-өзімізге келгіміз келеді, – деді министр Сенаттың жалпы отырысынан соң.

Ерұлан Жамаубаев басшылық 24 күнге демалуға рұқсат бермейтінін де ескертті.

Бізге мұнша уақыт (демалуға) бермейді. Бәрі кімге қанша уақыт (демалуға) берілетініне байланысты. Оның өзінде (демалуға уақыт) берсе деңіз. Демаламын деген үміттемін. Туған жеріме бармағанға біраз уақыт болды. Туыстарымды ұзақ уақыт көрмедім. Қазақпыз ғой енді қайткенмен де, –  деді Үкімет басшысының орынбасары.