Назарбаев мектептері мен университетіне бөлінетін қаржы азаяды

Дәурен Ерболат

Артылған ақша басқа мақсатқа жұмсалады

Фото: dalanews.kz

Назарбаев мектептері мен универсетін қаржыландыру қысқарады. Бұл туралы премьер-министрдің орынбасары – қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев айтты, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Біздің мақсатымыз – екі институтты қаржыландыруды жүйелі түрде қысқарту. Өйткені, олардың жеке қаржыландыру механизмі бар. Нақты сандарға тоқталайын. Биыл 5,7 млрд теңге бөлінді. Бұл былтырмен салыстырғанда екі есе аз. Назарбаев университетіне 1,8 млрд теңге бөлді. Бірақ жылдан жылға ақшаны қысқартамыз. 

Республикалық бюджеттің қалыптасуы жүріп жатыр. Біз міндетті түрде қайта қараймыз. Артылған қаражатты басқа мақсатқа бағыттау маңызды, –  деді Ерұлан Жамаубаев Сенаттың отырысынан соң.