Атыраудағы жылқылардың неден қырылып жатқаны белгілі болды

Айнұр Асылбекқызы

паразиттік аурулар бойынша ветеринариялық іс-шаралары мал иелерінің есебінен жүргізіледі

фото: Halyq Uni

Қазақ ветеринариялық және биологиялық қауіпсіздік проблемалары ғылыми-зерттеу институттарының қызметкерлері Атырау облысына барып, жылқылардың неден қырылып жатқанын анықтады.

Зерттеу нәтижесінде жануарлардан деляфондиоз, гастрофилез және параскаридоз паразиттік аурулары анықталды. Бұл ауру түрлері - жануарлардың жаппай қырылуы мен ауруының негізгі себебі. Ғалымдар жануарлардың иелері мен ветеринарларға паразиттік аурулар және гельминтоздардың алдын алу, уақытылы емдеуді ұснады.

Ауыл шаруашылығы министрінің бұйрығы бойынша жануарлардың аса қауіпті аурулары тізбесіне сәйкес профилактика, диагностика және жою бюджет есебінен жүргізіледі. Қалған аурулардың, оның ішінде паразиттік аулардың ветеринариялық іс-шаралары мал иелерінің есебінен жүргізіледі.

Бұған дейін Ауыл шаруашылығы министрлігі Атырау облысындағы эпизоотиялық жағдайға қатысты Құрманғазы (9 бас) және Исатай (17 бас) аудандарында 26 бас жылқыдан ауру анықталғанын мәлімдеді.