Halyq Uni логотип
×

Ақсуда оқушы қыз тұрғын үйдің ең жоғарғы қабатынан құлап кетті

Қылмыстық кодекстің «Өзiн-өзi өлтiруге дейiн жеткiзу» бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды

 Дастан Жұмабекұлы 15.06.2023 | 13:31
Ақсуда оқушы қыз тұрғын үйдің ең жоғарғы қабатынан құлап кетті
фото: ашық дереккөз

Павлодар облысының Ақсу қаласында оқушы қыз тұрғын үйдің тоғызыншы қабатынан құрап, мерт болды. Қазір полиция оқиғаның мән-жайы мен себебін анықтап жатыр.

Облыстың полиция департаментінің хабарлауынша, жедел жәрдем станциясына қаралы хабар кеше сағат 22.29-де келген.

Жедел жәрдем бригадасы алты минутта жетті. Дәрігерлер 15 жастағы қыздың ауыр жарақат алып, оқиға орнында көз жұмғанын анықтады. Туыстарының айтуынша, қыз бала кішкентай балалардың қай жерде ойнап жүргенін терезеден қарап тұрған кезде абайсызда құлап кеткен, – делінген хабарламада. 

Ал Ақсу қаласының білім бөлімі 9-сынып оқушысының өзі тұратын үйдің 9-қабаттағы балконынан секіріп кеткенін хабарлады. 

Оқиға орнына жедел тергеу тобы, Ақсу қаласының прокуроры, кезекші прокурор шыққан. 

Облыстық полиция департаменті осы оқиғаға қатысты Қазақстан Республикасы ҚК-нің 105-бабы, яғни «Өзiн-өзi өлтiруге дейiн жеткiзу» бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізуде.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама