Ол Батыс Қазақстандағы жолдарды жөндеуге қатысты жұмыстарды мерзімінде іске асырмаған
Берік Қамалиев индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрі қызметінен босатылды.
«Мемлекет басшысының Батыс Қазақстан облысындағы автомобиль жолдарын жөндеуге қатысты тапсырмаларын уақытында орындамағаны үшін үкімет қаулысымен индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрі Берік Қамалиев қызметінен босатылды», – дейді премьер-министрдің баспасөз қызметі.
Жақында Әлихан Смайылов БҚО-ға сапармен барып, Тоқаевтың тапсырмасынан кейін жол мәселесін қайта көтерген болатын.
«Мыңдаған адам жол азабын тартып отыр». Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасынан кейін БҚО жолдары жөнделмек. Батыс Қазақстан жол сапасы бойынша көш соңында тұр – премьер.