Рыбакина көгалдағы төсеніште жаттығып жатыр
Теннисші 19 – 25 маусым аралығында Берлинде өтетін турнирге қатысады
Қазақстанның бірінші, әлемнің үшінші ракеткасы Елена Рыбакина көгалдағы төсеніш маусымына дайындықты бастады.
Ол Словакияда көгал төсенішіндегі жаттығуын өткізді. Қазақстандық теннисшінің жаттығуынан түсірілген видео Instagram-дағы Tenisová škola Jednotka аккаунтында жарияланды.
Рыбакина 19 – 25 маусым аралығында Берлинде (Германия) өтетін турнирге қатысады.
Бұған дейін ол «Ролан Гаррос» турнирінің үшінші айналымында сырқаттанып, жарысты жалғастыра алмаған еді.