Алматыда жеңіл атлетикадан тегін үйірмелер жұмыс істейді

Динара Амантай

Оған 6 – 16 жас аралығындағы балалар қабылданады

Фото: Halyq Uni

Алматыда жеңіл атлетикадан тегін секциялар жұмыс істейді, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Қала әкімдігінің мәліметінше, Алматы мектептеріндегі KidsAthletics» жобасы мектептердің базасында үшінші жыл қатарынан жұмыс істеп келеді. Бағдарламаға қаланың 8 ауданындағы 31 мектеп қатысады. Барлық жалпы білім беретін мектептің оқушылары жеңіл атлетикамен айналыса алады. Оған 6 – 16 жас аралығындағы балалар қабылданады.

Үйірмелерде жаттығу 1,5 сағаттан аптасына 3 рет, жазда да өтеді. Жарыс айына екі рет өткізіледі. Жаттығу мен жарыс барысында балалар кәсіби спортқа жолдама ала алады. 3 жылда 130 бала олимпиадалық резерв мектебіне (№2 БЖМОРМ) ауыстырылды.

Толық ақпаратты Алматы қаласы Жеңіл атлетика федерациясынан +77019372525 телефоны арқылы алуға болады.