Головкин барлық атағынан айырылды
Ол енді әлемнің бұрынғы чемпионы ғана болады
Боксшы Геннадий Головкин (42-2-1, 37 КО) ресми түрде IBO тұжырымы бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы атағынан бас тартты. Бұл оның осы кезге дейін болған соңғы атағы еді.
IBO президенті Эд Левин Головкиннің әлем чемпионы атағынан бас тартқаннан кейін орта салмақтағы атақ үшін басқа боксшылардың жекпе-жегіне рұқсат берілетінін айтты.
Бұған дейін Геннадий Головкин WBA Super және IBF чемпиондық белбеулерінен бас тартқан болатын. Енді оның әлем чемпионы деген атағы қалмады.
GGG соңғы рет шаршы алаңға 2022 жылдың күзінде шыққан еді. Сол кезде ол Сауль «Канело» Альвареске (59-2-2, 39 КО) қарсы жекпе-жек өткізіп, төрешілер бірауыздан жеңісті мексикалық боксшының еншісіне жазды.