Денсаулық сақтау вице-министрі Вячеслав Дудник ақпаратты растады
Алматыдағы орталық клиникалық ауруханада емделіп жатқан бес науқас АИТВ (ВИЧ) жұқтырды.
Аурухана басшылығы науқастардың ауруды жұқтырғаны туралы ресми ақпарат берген жоқ. Алайда Денсаулық сақтау вице-министрі Вячеслав Дудник BES.media-ға берген жауабында оны растады.
Қазір эпидемиологиялық зерттеу болып жатыр. Содан кейін адамдардың ауруды қалай жұқтырғаны анықталады, – деді ол.
АИТВ адам ағзасын әр түрлі инфекциядан қорғайтын қорғаныш (иммунды) жүйені зақымдайды. Ол қорғаныш жүйесінің белгілі клеткаларын (CD4 клеткаларын) зақымдайды. CD4 клеткаларынның азаюына қарай ауру деңгейі анықталады. АИТВ аурымен өмір сүретін адамдарды АИТВ-жұқтырғандар деп атайды.