Франция құрамасының шабуылшысы клубта қалғысы келмейтінін айтты
«Пари Сен-Жермен» клубы шабуылшы Килиан Мбаппені сататын болып шешті. Клуб футболшыны трансферге шығарды. The Telegraph журналисі Джейсон Берткенің айтуынша, оған футболшының клубпен келісімшартты ұзартудан бас тартқаны себеп болған.
Париждік клуб пен Мбаппе келісімшартты 2025 жылға дейін ұзарта алады екен. Алайда Франция құрамасының шабуылшысы ПСЖ құрамында ойнағысы келмейтінін айтты.
Клуб басшылығы болса футболшының келісімшартты ұзартпайтыны туралы хатты алмағанын ескертті.
Мбаппе ПСЖ сапына 2017/18 жылғы маусымда «Монако» клубынан ауысып келген болатын.