Жүргізуші жауапкершілікке тартылды
Орал қаласындағы Егізбаев – Бельгер көшелерінің қиылысында №26 ЖОББМ «Балауса» балалар лагерінен Cinema Park кинотеатрына 60 баланы тасымалдаған ПАЗ жеке автобусы өртеніп кетті.
Оқиға 13 маусымда сағат 12:40 шамасында болған. Өрттен ешкім зардап шеккен жоқ.
Автобустың 1986 жылғы Т. есімді жүргізушісі көлікті техникалық тексеруден өтпей, жолаушыларды тасымалдаған. Оның үстіне міндетті сақтандыру полисі де болмаған.
Жүргізуші ҚР ӘҚБтК 593-бабы 1-бөлігі, ҚР ӘҚБтК 590-бабы 9-бабы, 230-бабы 2-бабы бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
ҚР Еңбек кодексінің 64-бабы 1-тармағының 3-тармақшасын бұзғаны үшін №26 мектеп директоры «Балауса» лагерінің жауапты қызметкеріне қатаң сөгіс жарияланды.