8-9 маусымда Юрий Ильин жұмыс сапарымен Солтүстік Қазақстан облысына барған
Төтенше жағдайлар минитрлігі ведомство басшысы 8-9 маусымда Абай облысында өрт басталған кезде БАӘ-де болды деген ақпаратты жоққа шығарды, деп хабарлады nur.kz.
Ведомствоның хабарлауынша, бұл ақпарат шындыққа жанаспайды. 8-9 маусымда Юрий Ильин жұмыс сапарымен Солтүстік Қазақстан облысына барған.
Министр Солтүстік Қазақстан облысына сапарын Абай облысындағы өртті тоқтатуға күш жұмылдыру үшін тоқтатты. Министр ТЖМ Күрделі жағдайлар орталығы штабын өзі басқарды, - деп хабарлады ТЖМ.
Абай облысындағы орман өрті басталғанда Мемлекет басшысы Төтенше жағдайлар министрін ауыстырды. 2020 жылдың қыркүйек айынан бастап Төтенше жағдайлар министрі болған Юрий Ильин қызметінен алынып, оның орнына ведомство басшысы болып Сырым Шәріпханов тағайындалды.