Halyq Uni логотип
×

Өлдіге саналған әйел жерлейтін күні есін жиып, табытты қаққан

Телеарнаның хабарлауынша, әйел адам ауруханаға ауыр халде жеткізілген

 Халық үні 13.06.2023 | 22:48
Өлдіге саналған әйел жерлейтін күні есін жиып, табытты қаққан
ашық дереккөзден

Эквадорда дәрігерлер өлді деп санаған әйел жерлеу рәсімінің алдында кенеттен өз-өзіне келіп, есін жиған, деп хабарлады «Астана» телеарнасы.

Телеарнаның хабарлауынша, әйел адам ауруханаға ауыр халде жеткізілген. Дәрігерлер оны қанша аман алып қалуға тырысқанымен, еш нәтиже болмаған. Сондықтан олар науқастың өлімін тіркеп, қазасын растайтын анықтаманы туыстарына берген. Жақындары марқұмның денесін үйге әкеліп, табытқа салып, жерлеу шараларын ұйымдастырған. Алайда қоштасу рәсімі кезінде табыттан оғаш дыбыстар естіле бастаған. Белгілі болғандай, есін жиған әйелдің тыныс алуы қиындап, табытты қаға бастаған. Сөйтіп, ол қайтадан ауруханаға жеткізілген.

Енді әйелдің туыстары дәрігерлерді сотқа бермек.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама