Абай облысындағы өрт: өлі табылған орманшының неден көз жұмғаны белгілі болды
Ер адамның өлімі жүрек жеткіліксіздігі - кардиомиопатия нәтижесінде болғандығы анықталды
10 маусымда жоғалып кеткен Бесқарағай ауданы Долон ауылының тұрғыны жүрек жеткіліксіздігінен қайтыс болды, деп хабарлады Polisia.kz.
Естеріңізге сала кетсек, жоғалып кеткен 1987 жылы туған Сергей Архиповтың денесі Абай облысы полиция департаментінің қызметтік итімен табылды.
Ер адамның зорлық-зомбылықпен қайтыс болу белгілері, сондай-ақ алғашқы тексеру кезінде өрттен қаза болғандығын көрсететін белгілер анықталған жоқ. Жүргізілген сот-медициналық сараптаманың қорытындысына сәйкес ер адамның өлімі жүрек жеткіліксіздігі - кардиомиопатия нәтижесінде болғандығы анықталды.