Halyq Uni логотип
×

Алматылықтар 300 келі гуманитарлық көмек жинады

Көмек жинау жұмысына 30-ға жуық еріктілер ұйымы кіріскен

 Динара Амантай 13.06.2023 | 18:06
Алматылықтар 300 келі гуманитарлық көмек жинады
Фото: Halyq Uni

Алматыда гуманитарлық көмек жинау жұмысына 30-ға жуық еріктілер ұйымы кіріскен, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

QAMQOR CHARITY қоғамдық қоры өкілдерінің мәліметінше, Абай облысында өрттен зардап щеккендерге арнап бір күнде олар 300 келі гуманитарлық көмек жинаған. Еріктілер алматылықтардың ерекше белсенділігін атады. Хабарландырудың алғашқы күнінен бастап бұл қайғылы жағдайға бей-жай қарамайтын көптеген тұрғын көмегін ұсынған.

Атап өтерлігі, еріктілер қаржылай көмекті қабылдамайды. Ниет білдірушілер бірінші кезекте қажет азық-түлікті (консервілер, макарон және т.б.), бір рет қолданатын ыдыс, қуаттау құралдары, жеке бас гигиенасына қажет заттар, су және т.б алады.

Еріктілер осы аптаның соңына дейін алғашқы көмекті жөнелтуді жоспарлап отыр. Көмек қолын созамын деушілер Алматы қаласы еріктілерінің фронт-кеңсесіне жүгіне алады. Мекенжайы: Байтұрсынов көшесі, 22, 1 ғимарат, 1 қабат.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама