Абай облысында өрттен қаза тапқандар мен олардың отбасыларының несиесі кешіріледі

Динара Амантай

Зардап шеккендерге қосымша қолдау шаралары көрсетіледі

Фото: t.me/aqorda_resmi

Абай облысында өрттен қаза тапқандар мен олардың отбасыларының несиесі кешіріледі, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау мақсатында қаза тапқандардың отбасыларына мынадай қолдау шаралары көрсетіледі:

1) отбасының еңбекке жарамсыз барлық мүшесіне (кәмелетке толмаған балаларға) республикалық бюджеттен асыраушысынан айырылу бойынша жәрдемақы;

2) отбасының еңбекке жарамсыз барлық мүшесіне Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан асыраушысынан айырылу бойынша біржолғы әлеуметтік төлемақы;

3) қажетті жиһазбен жабдықталған тұрғын үймен қамтамасыз ету;

4) БЖЗҚ-дан жерлеуге арналған біржолғы төлем.

Сондай-ақ несиелерді есептен шығару үшін қайтыс болған адамдар мен олардың отбасыларының несиелік жүктемесі анықталады.

Еске сала кетсек, бұған дейін өрттен қаза тапқандардың отбасыларына 7 млн теңгеден және әр балаға 2 млн теңгеден бөлінетінін хабарлаған болатынбыз.