«Халық болып жылап жатырмыз»: Абай облысынан хабар таратқан тілші эфирде көз жасына ерік берді(ВИДЕО)

Халық үні

Саят Нұржігітов өмірінің аттай 19 жылын орман шаруашылығына арнапты

фото: видеодан скриншот

Абай облысындағы өрт салдарынан көз жұмған орманшыларды бүгін ақтық сапарға шығарып салды. Оқиға орнынан хабар таратқан журналист те эфирде көз жасына ерік берді, деп жазады «Хабар арнасына сілтеме жасаған nur.kz. 

Ормандағы өрт кезінде Бородулиха ауылының 51 жастағы тұрғыны Саят Нұржігітов көз жұмды. Марқұмның қазасын ауылдастары ауыр қабылдаған.

«Қатты қайғырып тұрмыз. Өте қайғылы жағдай. Жүрегіміз ауырып тұр. Айтуға сөз жоқ. Халық болып жатырмыз. Нағыз батырлар өмірден марқұм боп кетті. Туған-туыстарына көңіл айтамыз», - деді орман шаруашылығы қызметкері Ұлан Шағанов.

Оқиға орнынан хабар таратқан арнаның меншікті тілшісі Эльмира Ахметова да эфирде көз жасына ерік берді.

«Жерлеу рәсімінен оралдық. Бұл біз үшін де, түсірілім үшін де, сұхбат үшін де ауыр уақыт болды. Саят Нұржігітов өмірінің аттай 19 жылын орман шаруашылығына арнапты. Оның жары да сол салада қызмет етеді. Орманшылар отбасын отағасынан айырылды»" - дейді журналист.

Еске сала кетейік, Абай облысындағы өртті сөндіру кезінде 14 орманшы қаза тапты. Олардың ішінде бір үйдің адамдары да бар.