Тағы үш адам жарақат алды
Қарағанды облысында жол апатынан 2 адам қаза тапты, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.
Полиция қызметкерлерінің мәліметінше, бүгін сағат 10.50 шамасында Алматы – Екатеринбург тас жолында Теміртау қаласына қарай бара жатқан 57 жастағы Audi автокөлігінің жүргізушісі алдын ала болжам бойынша маневр жасау кезінде жол қауіпсіздігіне назар аудармай, бетпе-бет келе жатқан ВАЗ-2114 автокөлігімен соқтығысқан. Артынша кейінгісі қақтығыс салдарынан жол жиегіндегі қоршауға соғылған. Соның кесірінен ВАЗ-2114 автокөлігінің 24 жастағы жүргізушісі мен Audi-де болған 56 жастағы (жүргізушінің зайыбы) жолаушысы сол жерде қаза тапты. 57 жастағы Audi жүргізушісі мен оның 9 жастағы немересі, сондай-ақ ВАЗ-2114 автокөлігінің 23 жастағы жолаушысы ауруханаға жеткізілді.
Аталған факт полицияда тіркелді. Тиісті сараптамалар тағайындалды. Қорытындысы бойынша нақты процессуалдық шешім қабылданатын болады.