Оның мүрдесін жергілікті балықшылар тауып алған
Талдықорған қаласының білім беру бөлімін 2016-2022 жылдары басқарған Роза Барманованың денесі өзен жағасынан табылды.
Әйелдің денесін жергілікті балықшылар тауып алған.
Жетісу облыстық полиция департаментінің хабарлауынша, қайтыс болған адамның денесінде зорлық-зомбылық белгілері болмаған. Мүрде Қаратал өзенінің маңынан табылған.
Еске сала кетсек, Роза Бармановадан кейін Талдықорған қалалық білім бөлімін Жандос Жолдыханов басқарды. 27 сәуірде ол 280 млн теңге пара алды деген күдікпен ұсталды.