Президент Путинге құттықтау жеделхатын жолдады
Мемлекет басшысы жеделхат жолдады
Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей президенті Владимир Путинге құттықтау жеделхатын жолдады, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей президенті Владимир Путинді және Ресей халқын ұлттық мерекесі – Ресей күнімен құттықтады. Қасым-Жомарт Тоқаев өзінің жеделхатында Ресей халқына амандық тіледі.
Сондай-ақ екі ел халықтарының игілігі мен мүддесі жолындағы ынтымақтастықтың нығая беретініне сенім білдірді.