Солтүстікте ауа райы тұрақты болады
Биыл 13-15 маусымға арналған ауа райы болжамы жарияланды, деп хабарлады «Қазгидромет» РМК.
Синоптиктердің болжамынша, Қазақстанның басым бөлігі атмосфералық фронтальды бөлімдердің ықпалында болады. Нәтижесінде өткінші жаңбыр жауып, найзағай соғады.
14 маусымда еліміздің оңтүстік-шығысында қатты жаңбыр, бұршақ, оңтүстігінде және оңтүстік-батысында шаңды дауыл болады.
Солтүстік және шығыс аймақтарда температура климаттық бағытына оралған. Мұнда ауа температурасы түнде +5+15°C дейін, күндіз +17+25 дейін төмендейді.
13-14 маусымда батыста күн қатты ысып, ауа температурасы +40-41 градусқа дейін көтеріледі.