Halyq Uni логотип
×

Ердоған Қазақстан халқына көңіл айтты

Мемлекет басшысы Түркия президентімен телефон арқылы сөйлесті

 Динара Амантай 12.06.2023 | 15:06
Ердоған Қазақстан халқына көңіл айтты
фото: akorda.kz

Қасым-Жомарт Тоқаев Түркия Президенті Режеп Тайип Ердоғанмен телефон арқылы сөйлесті, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Түркия тарапының бастамасы бойынша мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Түркия президенті Режеп Тайип Ердоғанмен телефон арқылы сөйлесті. Түркия Президенті Абай облысындағы алапат өрт салдарынан адамдардың қаза табуына байланысты Қасым-Жомарт Тоқаевқа және бауырлас Қазақстан халқына көңіл айтты.

Әңгімелесу барысында тараптар екіжақты ынтымақтастық мәселелерін талқылады.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама