Жүргізушілер қарапайым жол ережесін сақтамайды
Бүгінде Қазақстандағы көлік апатынан күніне 10 адам қаза табады. Бұл туралы ІІМ Әкімшілік полиция комитеті ерекше тапсырмалар жөніндегі аға инспекторы Ақтоты Боранова айтты, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.
Биыл 5 айдың қорытындысы бойынша еліміздегі көлік апаты азайған. Соған қарамастан жекелеген өңірлерде жағдай алаңдатарлық деңгейде.
Еліміздегі жолдарда күн сайын көлік апатынан 10 адамға дейін қаза тауып, 70-ке жуық адам түрлі дене жарақатын алады. Бұл статистика жол-көлік оқиғасына жүргізушілер мен жаяу жүргіншілердің немқұрайлығы мен тәртіпсіздігі ықпал ететінін көрсетеді. Адамдар жолды рұқсат етілмеген жерден кесіп өтеді, ал жүргізушілер жолдың қарсы бетіне шығым, маневр жасау ережесін бұзады. Алайда жолдың әрбір қатысушысы айналасындағы адамдар туралы ойналуы керек, – деді Ақтоты Боранова ІІМ-де өткен брифингте.
ІІМ өкілі республикалық маңызы бар жолдарда көлік апаты жиі болып, адам өлімі тіркелетінін атап өтті.
Мұнда жол-көлік оқиғасынан болатын барлық өлім-жітім көрсеткішінің жартысы тіркеледі: 48% немесе 666 деректің 318-і. Қала сыртындағы жолдарда өлім-жітім көрсеткішінің ең көп өсуі Алматы, Жамбыл, Жетісу, Ақтөбе, Атырау, Ақмола, Түркістан, Маңғыстау облыстарында тіркелді, – деді аға инспекторы.
Айта кетейік, Қазақстанда жыл сайын көлік апатынан шамамен 2 мың адам көз жұмады.