Президент кадрлық тағайындаулар жасады
Динара Зәкиева мен Светлана Жақыпова жаңа қызметке барды
Дастан Жұмабекұлы
12.06.2023 | 11:43
Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың өкімімен Динара Болатқызы Зәкиева Қазақстан Республикасындағы Бала құқықтары жөніндегі уәкіл лауазымына тағайындалды.
Мемлекет басшысы Светлана Қабыкенқызы Жақыпова Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Халықтың әлеуметтік жағынан осал санаттарының құқықтары жөніндегі уәкіл лауазымына тағайындады.