Halyq Uni логотип
×

Алматыда жол ережесін бұзған 8,5 мыңнан аса адам жауапқа тартылды

Жыл басынан бері 500-ше жуық оқиға тіркелді

 Динара Амантай 12.06.2023 | 10:10
Алматыда жол ережесін бұзған 8,5 мыңнан аса адам жауапқа тартылды
Фото: polisia.kz

Алматы қаласында жыл басынан бері 8,5 мыңнан аса жаяу жүргінші жауапқа тартылды, деп хабарлады Hayq Uni тілшісі.

Полицияның мәліметінше, осы күндері қалада  жол ережесіне қатысты «Жаяу жүргінші» жедел алдын алу іс-шарасы болып жатыр.

Жаяу жүргіншілер жол ережесін жиі бұзатын осал аймақтардың тізімі арнайы талдаулар, азаматтардың жауаптары мен сигналдары ескеріле отырып, алдын ала қалыптастырылды. Біздің басты міндетіміз – жазалау емес, жол ережесін бұзушылықты алдын алу, сол арқылы әрбір адамның санасына өмірдің қымбат екенін жеткізу. Бүгінде көшелер  жаяу жүргіншілер қарапайым жол қозғалысы ережелерін бұзуды жалғастыруда, осылайша олар өздерінің және басқа адамдардың өміріне қауіп төндіреді, – деді Алматы қалалық ПД жергілікті полиция қызметі басқармасының бастығы Ержан Ұзабаев.

Сонымен қатар жүргізушілерге де бақылау күшейтілді. Іс-шара барысында инспекторлар көлік құралын мас күйінде жүргізу, қарама-қарсы жолаққа шығып кету, апаттық жағдай туғызу, көлік жүргізуге құқығы жоқ адамдарды, сондай-ақ мұндай құқықтан айырылған адамдарды анықтауға баса назар аударды.

Алматыда жыл басынан бері адамдардың жол ережесін бұзғанына қатысты 485 оқиға тіркелді. Жол ережесін бұзғаны үшін 8,5 мыңнан астам адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама