9 маусымнан бері онымен байланыс үзілген
Абай ауданында тағы бір адам өртті сөндіру кезінде жоғалып кетті. Туыстары оны іздеуге көмек сұрап жатыр, деп хабарлайды oo_osa_semey_vko Instagram парақшасында.
1987 жылы туған Архипов Сергей Николаевич есімді азаматтың Абай ауданындағы орман өртін сөндіруге көмектесу үшін кеткені айтылады. 9 маусымнан бері онымен байланыс үзілген.
«Іздестіру жұмыстарына көмек көрсетуді сұраймыз. Трактор нөмірі - F 937 ARE. Шақыру белгісі - «Марал 61». Ол Семей орманының Долон бөлімшесінен шыққан өртті сөндіруге кеткен. Соңғы рет туыстарына 9-маусымда хабарласқан. Содан бері одан ешбір хабар жоқ. Егер көрген, білген адам болса, +7 771 582 2159 нөміріне хабарлассын», - делінген хабарламада.