Halyq Uni логотип
×

Абай облысында орманға өрт сөндіруге кеткен тағы бір адам іздестіріліп жатыр

9 маусымнан бері онымен байланыс үзілген

 Халық үні 12.06.2023 | 08:37
Абай облысында орманға өрт сөндіруге кеткен тағы бір адам іздестіріліп жатыр
Фото: instagram.com/oo_osa_semey_vko

Абай ауданында тағы бір адам өртті сөндіру кезінде жоғалып кетті. Туыстары оны іздеуге көмек сұрап жатыр, деп хабарлайды oo_osa_semey_vko Instagram парақшасында.

1987 жылы туған Архипов Сергей Николаевич есімді азаматтың Абай ауданындағы орман өртін сөндіруге көмектесу үшін кеткені айтылады. 9 маусымнан бері онымен байланыс үзілген.

«Іздестіру жұмыстарына көмек көрсетуді сұраймыз. Трактор нөмірі - F 937 ARE. Шақыру белгісі -  «Марал 61». Ол Семей орманының Долон бөлімшесінен шыққан өртті сөндіруге кеткен. Соңғы рет туыстарына 9-маусымда хабарласқан. Содан бері одан ешбір хабар жоқ. Егер көрген, білген адам болса, +7 771 582 2159 нөміріне хабарлассын», - делінген хабарламада.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама