Halyq Uni логотип
×

Президент 12 маусымды Жалпыұлттық аза тұту күні деп жариялады

Абай облысындағы орман өртінің салдарынан адамдардың қазаға ұшырауына байланысты 2023 жылғы 12 маусым елімізде жалпыұлттық аза тұту күні деп жарияланды

 Халық үні 11.06.2023 | 22:50
Президент 12 маусымды Жалпыұлттық аза тұту күні деп жариялады
Фото: t.me/aqorda_resmi

Президент 12 маусымды жалпыұлттық аза тұту күні деп жариялау туралы өкімге қол қойды.

Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

«Мемлекет басшысы Абай облысындағы орман өртінің салдарынан адамдардың қазаға ұшырауына байланысты 2023 жылғы 12 маусымды Қазақстан Республикасында жалпыұлттық аза тұту күні деп жариялау туралы өкімге қол қойды», - делінген хабарламада.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама