Алматы тауларында от жаққандар ұсталды

Халық үні

Оларға 1 млн теңге айыппұл салынды

Фото: ТЖМ

Қазгидрометтің дауылды ескертуі негізінде Алматы тауларында өрт қауіптілігінің жоғары класы жарияланды. ТЖД-ның барлық жеке құрамы қызмет өткерудің күшейтілген түріне ауыстырылды, табиғи өрттердің алдын алу бойынша мониторинг жүргізілуде, деп хабарлайды Төтенше жағдайлар министрлігі.

ТЖД өрт қауіпті кезеңінің басынан бастап жергілікті полиция қызметі, мемлекеттік ұлттық табиғи паркпен бірлесіп 45-тен астам рейд өткізілді. Өрт қауіпсіздігі ережелерін  бұзуған 4 жеке тұлға ҚР ӘҚ 367-бабы бойынша жалпы сомасы 1 380 000 айыппұл түрінде туралы әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Сонымен қатар, табиғатты қорғау полициясы ҚР ӘҚ 505-бабы бойынша ескерту түрінде 5 хаттама толтырды.

Іле-Алатау ұлттық паркінің 20 мың 805 гектары Алматы қаласының аумағында орналасқан.

Табиғи өрттің алдын алу үшін Алматы қаласы ТЖ және полиция департаментінің қызметкерлері қатарынан мобильді топтар жұмыс істейді. Бұл қызметке орман шаруашылығы мекемелерінің ат міңген қызметкерлері қолұшын созып, еріктілер де қатысты. Бұл топтар өрт туындауы ықтимал деген «аса қауіпті» аймақтарды тексереді. 

«Рейдтік іс-шаралар кезінде тепловизорлармен және құлақтандыру жүйесімен жарақтандырылған пилотсыз ұшу аппараттары (дрондар), құлақтандыру автомобильдері қолданылады. Барлығымыз білетіндей, қала аумағында орналасқан табиғи парктердің аумағы «Ерекше қорғалатын табиғи аумақ» мәртебесіне ие. От жағу фактілері қатаң түрде тоқтатылатынын ескертеміз, өйткені құрғақшылық пен ыстық ауа-райында шөп тез тұтанады, бұл өртке әкелуі мүмкін. Оңтүстік астананың тұрғындары мен қонақтарын темекі тұқылын құрғақ шөпке тастамауға, бөтелкелер, сынған әйнек қалдырмауға кеңес береміз, олар жанғыш линзаларға айналуы мүмкін. Табиғатта ашық оттың жағылуына жол бермеу өте  маңызды. Құрғақ шөп пен қоқысты өртемеңіз.  Құрғақ шөпті әдейі өртейтін адамдар, жақын аймақты тазарту үшін  қауіп төндіреді. Мысалы, жеке ауланың иелері мен бағбандар  ыстық күннен кеуіп қалған шөп пен қоқысты өртеп жібереді», – деді қалалық департаментінде.

Өрт қауіпсіздігі ережелерін бұзғаны үшін кінәлі адамдар бұзушылықтың сипаты мен келтірілген залалға байланысты әкімшілік және қылмыстық жауапкершілікке тартылуы мүмкін екенін есте ұстаған жөн.