Кінәлілер бес жылдан он жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін
Абай ауданындағы төтенше жағдай фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Бұл туралы ҚР Экология және табиғи ресурстар министрлігі хабарлады.
«Абайсызда екі немесе одан да көп адамның өліміне әкеп соққан өрт қауіпсіздігі талаптарын бұзу» бабы бойынша тергеу амалдары жүргізілуде. Тергеу үстіндегі бап бес жылдан он жылға дейін бас бостандығынан айыруды қарастырады.
Менің ойымша, бұл жерде жауапты тұлғалардың шеңбері айтарлықтай кең болады. Сірә, бұл Төтенше жағдайлар министрлігі мен Орман шаруашылығы комитетінің қызметкерлері және өз міндеттерінде, лауазымдарында осы аймақта, тікелей осы аумақта және орман шаруашылығында өрт қауіпсіздігіне жауапты болған барлық адамдар болуы мүмкін. Бұл өрт қай жерде болды, – деді адвокат Серік Беркамалов Jibek Joly телеарнасына берген сұқбатында.