Президент алапат өрт аумағын тікұшақпен аралап көрді (ВИДЕО)
Өртті сөндіруге 300-ге жуық техника, 1500-ге жуық адам және 11 тікұшақ жұмылдырылған
Абай облысына жұмыс сапарымен барған президент Қасым-Жомарт Тоқаевқа Төтенше жағдайлар вице-министрі Марат Күлдіков пен Абай облысының әкімі Нұрлан Ұранхаев есеп берді.
Бұл ретте мемлекет басшысына өрт сөндіру жұмысының барысы және табиғат апаты салдарымен күресу бойынша бақылау жасалып жатқан шаралар туралы баяндалды.
Олардың мәліметінше:
- Қазір 60 мың гектарға жуық орман алқабы отқа оранған.
- Өртті сөндіруге 300-ге жуық техника, 1500-ге жуық адам және 11 тікұшақ жұмылдырылып жатыр.