Бүгін шұғыл әрекет ету штабының отырысын өткізеді
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Абай облысына жұмыс сапарымен барды. Бұл туралы Ақорда хабарлады.
Сапар барысында президент орман алқаптарындағы өрт сөндіру жұмыстарымен танысады, шұғыл әрекет ету штабының отырысын өткізеді және өрт кезінде қаза тапқан орман шаруашылығы қызметкерлерінің туыстарымен кездеседі, - делінген хабарламада.
Еске сала кетсек, бұған дейін Экология және табиғи ресурстар министрлігі Семейдегі ормандағы өртті сөндіру кезінде көз жұмған азаматтардың аты-жөндерін жариялаған болатын.