Баланың өлімі фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды
Қостанай облысында 2 жасар бала ашық кәріз құдығына құлап, көз жұмды. Бұл туралы «Алау» порталы хабарлады.
Ақпаратқа Қостанай облысының ПД баспасөз қызметі түсініктеме берді.
Тобыл қаласында кәріз құдығына құлап кеткен 2 жасар баланың өліміне қатысты ҚР ҚК-нің 254-бабы («Міндеттеріне адал қарамау») бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды, – делінген хабарламада.
Тергеу аясында тиісті сараптамалар тағайындалды.