Көліктердің бірінің дөңгелегі жарылып, бұл екі көліктің соқтығысуына әкелген
Жетісу облысында 3 жолаушы әйел адам көлік апатынан мерт болды, деп хабарлайды облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Жол апаты «Алматы-Өскемен» тасжолының Көксу ауданы аумағында болды.
«Тойота Камри» мен «Тойота Ленд Крузер Прадо» көліктері соқтығысып, салдарынан 3 адам қаза тапты.
Ведомсто мәліметінше, көліктердің бірінің дөңгелегі жарылып, бұл екі көліктің соқтығысуына әкелген.
«ЖКО салдарынан жол талғамайтын көлік салонындағы үш жолаушы әйел оқиға орнында көз жұмды. Екі көліктің жүргізушілері де түрлі дене жарақатымен ауруханаға жеткізілді»,- делінген ведомствоның хабарламасында.
Полиция жүргізушілерді рұқсат етілген жылдамдықты қатаң сақтауға және жол ережесін бұзбауға шақырады.