9 өңірде төтенше өрт қаупі сақталып отыр
Қазгидромет 11 маусымда еліміздің басым бөлігінде қолайсыз ауа райы болатынын хабарлады. Синоптиктер өрт қаупі еліміздің барлық аймақтарында сақталатынын жеткізді.
9 өңірде төтенше өрт қаупі сақталып отыр:
Түркістан қаласында, Ақтөбе, Қызылорда, Алматы, Маңғыстау, Жамбыл, Абай, Ақмола, Жетісу облыстарында.
Облыстардың жекелеген учаскелерінде төтенше өрт қаупі жоғары екені байқалады:
- Атырау облысының солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде;
- Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде, солтүстік-батысында;
- Ұлытау облысының орталығында, Қарағанды өңірінің оңтүстігінде;
- Қостанай облысының оңтүстік жартысында;
- Павлодар облысының солтүстігінде.
- Батыс Қазақстан облысының шығысында, оңтүстік-шығысында өрт қаупі жоғары болады деп күтіледі.