Тоқаев Пәкістан премьер-министрімен телефон арқылы сөйлесті

Динара Амантай

Тараптар екіжақты қатынастарды одан әрі нығайтуға мүдделі екенін растады

Фото: akorda.kz

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Пәкістан премьер-министрі Шахбаз Шарифпен телефон арқылы сөйлесті, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Пәкістан тарапының бастамасы бойынша Қасым-Жомарт Тоқаев пен Шахбаз Шариф телефон арқылы сөйлесті. Тараптар Қазақстан мен Пәкістан арасындағы сауда-экономикалық ынтымақтастықтың перспективаларын талқылады. Сондай-ақ екі ел арасындағы өзара сауда-саттықтың қарқынды дамып келе жатқаны және түрлі саладағы ынтымақтастықтың кеңейе түскені атап өтілді. Тараптар екіжақты қатынастарды одан әрі нығайтуға мүдделі екенін тағы да растады.

Әңгімелесу соңында премьер-министр Шахбаз Шариф президент Қасым-Жомарт Тоқаевты Пәкістанға өзіне ыңғайлы кез келген уақытта ресми сапармен келуге шақырды.