Halyq Uni логотип
×

QNET қаржы пирамидасының жетекшілеріне қатысты тергеу басталды

Олардың бірі үйқамаққа алынды

 Халық үні 22.04.2022 | 13:18
QNET қаржы пирамидасының жетекшілеріне қатысты тергеу басталды
фото: facebook

Қаржы мониторингі агенттігі QNET қаржы пирамидасының жетекшілеріне қатысты тергеуді бастады.

Агенттіктің Ақмола облысы бойынша аумақтық департаменті халықаралық қаржы пирамидасының құрылымдық бөлімшесі - QNET компаниясының басшыларына қатысты сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастады.

Компанияның Қазақстан аумағында тіркелмегені, кәсіпкерлік қызметпен айналыспайтыны, банктік қызмет пен операцияларды жүргізуге лицензиясы жоқ екені атап өтілген.

Ведомство баспасөз қызметінің хабарлауынша, іс бойынша сотталушылардың біріне қатысты үйқамақ түріндегі бұлтартпау шарасы санкцияланды, деді ведомоство.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама