Президент Бердібек Сапарбаевтың отбасы мен жақын туыстарына көңіл айтты

Динара Амантай

Марқұм Қазақстанның беделі мен мәртебесінің арта түсуіне қажыр-қайратын жұмсады

Фото: t.me/aqorda_resmi

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері Бердібек Сапарбаевтың дүниеден өтуіне байланысты отбасы мен жақын туыстарына көңіл айту жеделхатын жолдады, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Бердібек Машбекұлы ұзақ жылғы еселі еңбек жолында лауазымды қызметтерді абыроймен атқарып, еліміздің саяси-экономикалық, әлеуметтік-мәдени өркендеуіне және өңірлерді дамытуға мол үлес қосқан еді. Мемлекетіміздің сындарлы саясатын зор біліктілікпен жүргізе білді. Қазақстанның беделі мен мәртебесінің арта түсуіне қажыр-қайратын жұмсады. Азаматтық қадір-қасиетімен ел ішінде құрметке бөленді. Соңына өшпес із қалдырған Бердібек Машбекұлының есімі мен жарқын бейнесі халқымыздың жүрегінде мәңгі сақталады. Марқұмның иманы саламат, жаны жәннатта болсын, – деп жазылған жеделхатта.

Еске сала кетсек, бұған дейін Жамбыл облысының экс-әкімі Бердібек Сапарбаев 70 жасында дүниеден озғанын хабарлаған болатынбыз.