Бүгін ауа райы қандай болады?
Найзағай ойнап, жаңбыр жауады
«Қазгидромет» РМК маусымның 10-ы күнгі ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Атмосфералық фронталды бөліктердің өтуіне байланысты Қазақстанның басым бөлігінде күн құбылмалы болады. Соған байланысты найзағай ойнап, жаңбыр жауады. Тек еліміздің батысында, солтүстік-батысында және оңтүстік-батысында ғана күн жауын-шашынсыз болады.
Республика бойынша жел күшейіп, елдің шығысында шаңды дауыл тұрады, солтүстікте, шығыста, орталықта бұршақ жауып, шығыста, оңтүстікте дауыл тұрады, түнгі және таңғы уақытта солтүстікте тұман түседі.
Алматы облысының солтүстігінде, орталығында, Жетісу облысының оңтүстігінде өте қатты ыстық сақталады.
Алматы, Атырау, Маңғыстау, Жетісу облыстарының басым бөлігінде, Шығыс-Қазақстан, Батыс-Қазақстан облыстарының оңтүстігінде қатты ыстық болады.
Түркістан, Ақтөбе, Қызылорда, Алматы, Маңғыстау, Жамбыл, Абай, Жетісу облыстарында, Атырау облысының солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде, Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде, солтүстік-батысында, Ұлытау облысының орталығында, Қарағанды облысының оңтүстігінде, Қостанай облысының оңтүстік жартысында, Ақмола облысының оңтүстігінде, шығысында төтенше өрт қауіпі сақталады.
Күндіз Батыс Қазақстан облысының шығысында, оңтүстік-шығысында жоғары өрт қауіпі күтіледі.